Хаттар сөйлейді

6. Мәншүк Мәметованың анасына жазған хаты

Listen on

Episode notes

Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова бұл хатты екінші дүниежүзілік соғысы кезінде анасы Әминаға жазған. Хат орыс тілінде жазылған, подкаст тыңдармандары үшін қазақ тіліне тәржімаланып, дыбысталды. Оның әкесі, қазақтың зиялы азаматы Ахмет Мәметов "халық жауы" деген желеумен ұсталып кеткен. Зерттеушілердің пайымдауынша, Мәншүк әкесін ақтап алу үшін майданға өзі сұранып барған. Жалпы, батыр қыздың өз қолымен жазған 6 хаты қазір Орал қаласындағы М.Мәметова музейінде сақтаулы. 

Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары:
https://www.instagram.com/hattarsoileidi

https://t.me/hattarsoileidi

https://podfollow.com/hattarsoileidi/view

Подкасттың бұл эпизоды АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы америка халқының көмегімен "MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы" аясында дайындалды. Ақпараттың мазмұнына подкаст авторы тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.