Хаттар сөйлейді
By Камшат Әбдірайым
"Хаттар сөйлейді" - эпистолярлық жанрдағы қазақша подкаст. Әрбір эпизодта бір хат оқылып, оның жазылу тарихы баяндалады.
"Хаттар сөйлейді" әрбір хаттың артында тұрған өмір мен тарихи оқиғалар туралы ойландырады, шабыттандырады.
Сұрақтарыңыз не ұсыныстарыңыз болса, маған [email protected] электрондық поштасына хабарласа аласыз.
"Хаттар сөйлейді" әрбір хаттың артында тұрған өмір мен тарихи оқиғалар туралы ойландырады, шабыттандырады.
Сұрақтарыңыз не ұсыныстарыңыз болса, маған [email protected] электрондық поштасына хабарласа аласыз.
Latest episode
-
13. Соғыс жылдарындағы пошта қызметі
Подкасттың бұл эпизодында майдандағы пошта қызметі туралы әңгімелемекпін. Өйткені соғыс кезінде негізгі байланыс құралы пошта болды. Ай сайын майдан шебіне 70 млн-дай сәлемдеме жолданған. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында пошташылар кейбі… -
12. Бауыржан Момышұлының Мұхтар Әуезовке жазған хаты
Мамандардың айтуынша, батыр Бауыржан Момышұлының жазған хаттары мен оған сәлем жолдаған хаттардың өзі он мыңнан асып жығылады екен. Мұхтар Әуезов пен Бауыржан Момышұлының арасында 1942 жылдан бастап он шақты хат жазылған екен. Екі … -
11. Шындық іздеген Рахымжан Қошқарбаевтың хаттары
1945 жылы 30 сәуірінде сағат 14:25 –те лейтенант Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Булатов Рейхстагқа ту тікті. Қуанышты жаңалық келесі күні-ақ барлық газетте жазылды. 1945 жылдың 3 мамыры күні «Войны Родины» газеті: «Рейхстагқа алғашқы болы… -
10. Әлия Молдағұлованың апасы Сапураға жазған хаты
Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалдық мұражайында оның әпкесі Сапураға жазған жеті хаты сақталған. Мұражай қызметкерлерінің айтуларынша, Әлия өзінің ағайы Әбубәкір мен тағы бір немере ағайы Бейсенғали Хабиевке да хат жазып тұрған. Алайда … -
9. Туыстары 80 жыл бойы іздеген майдангердің хаты
Бұл - майдангер Қайыржан Тікшекеевтің хаты. Әскерден жолдаған 12 хатын оның немересі Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік архивіне әкеліп тапсырған. Жауынгер 1943 жылы қаза тауып, ұзақ уақыт бойы сүйегінің қай жерде қалғаны белгісіз болып келді. Ту… -
8. Майданнан келген өлең-хаттар
Қазақ өмірінде өлеңмен хат жазысу ертеден бар. Кейін бұл үлгі поэзияға келді. Соғыс жылдарында да елге деген сағынышын баяндайтын, туған-туысқа деген махабатынан сыр шертетін өлең хаттар толастамаған. Бұл эпизодт… -
7. Әзілхан Нұршайықовтың Сәбит Мұқановқа жазған хаты
Хат 1975 жылы жарық көрген «Сәлем саған майданнан, Қазақстан!» жинағында жарияланған. Әзілхан Нұршайықов Cәбит Мұқановпен хат алысып қана қоймай, ол туралы естелік жазады. Оның «Екі естелік» атты естеліктер жинағында жаз… -
6. Мәншүк Мәметованың анасына жазған хаты
Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова бұл хатты екінші дүниежүзілік соғысы кезінде анасы Әминаға жазған. Хат орыс тілінде жазылған, подкаст тыңдармандары үшін қазақ тіліне тәржімаланып, дыбысталды. Оның әкесі, қазақтың зиялы азаматы Ахмет Мәме… -
5. Баубек Бұлқышевтің "Шығыс ұлына хаты"
Ақын, жазушы Баубек Бұлқышев бұл хатты екінші дүниежүзілік соғысы кезінде жазған. Оның басқа да хат түріндегі очерктерімен бірге 1942-1943 жылдары «Комсомольская правда» газетіне орыс тілінде басылып шыққан. Кейін оларды жазушы Ғабит Мүсіреп… -
4. Немат Келімбетов - "Ұлыма хат"
Жазушы, түрколог-ғалым Немат Келімбетовтың "Ұлыма хат" эссе повесінен үзінді. Мұнда жазушының кіші ұлы Қайрат шет елде оқып жүргенде жазған хаттары топтастырылған. Подкасттың әлеуметтік желідегі парақшалары: